қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.10.2024

Абай университетінің студенттері пәнаралық онлайн-сабаққа қатысты

 

2024 жылдың 16 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Психология әліппесі: студенттен студентке» үшінші халықаралық білім беру марафоны өтті. Марафонға Абай ҚазҰПУ «Педагогика және психология» мамандығының 4 және 3(3 ж.) курс студенттері, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті «Бастауыш білім беру педагогика мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты.

 

Ұйымдастырушылар - Абай университеті Педагогика және психология факультетінің оқу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Ақжолова Ақтоты, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Исалиева Сауле.

 

Марафон барысында студенттер «Педагогикалық қарым-қатынас стильдері» тақырыбында интерактивті дәріс оқып, топта кейс жағдайларын талқылап, Kahoot викторинасын өткізді. Викторинаның қорытындысы бойынша Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері дипломдар алды.

 

Сабаққа Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті әлеуметтік және даму педагогикасы кафедрасының меңгерушісі Жусіпбекова Гүлсара, Абай университеті Өнер факультетінің музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Момбек Әлия және № 134 лицейдің педагог-психологы Окасова Венера қатысты.

 

Биылғы оқу жылы ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстанның мектеп мұғалімдері үшін педагог-психолог қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша бірлескен сабақтар жоспарлануда.  

 

  alt=  

 

  alt=