Главная
Новости
11.10.2024 Абай университетінің түлектері Пермь қаласында өткен халықаралық біліктілік жұмыстары конкурсының жүлдегерлері атанды
Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының 2024 жылғы түлектері бастауыш білім беру мәселелерімен байланысты (халықаралық қатысумен) XI Бүкілресейлік бітіру біліктілік жұмыстарының конкурсына қатысты. Конкурсты Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің (Ресей) Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультеті бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу теориясы мен технологиясы кафедрасы бакалаврлар мен магистранттар арасында өткізді.
Конкурстың мақсаты - түлектерді бастауыш білім беру мәселелері бойынша әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруға тарту. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту болды. Сараптама комиссиясының ұсынылған жұмыстарды қарауы және қорытынды жасауы 2024 жылғы 11-қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтті.
Магистранттар арасында болған конкурс қорытындысы бойынша II орынды «7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ магистранты, 2024 жылғы түлек Сағыжанова Камилла иеленді (ғылыми жетекшісі п.ғ. к., профессор Лебедева Л. А.).
Бакалаврлар арасында III орынды «Бастауыш білім беру АКТ-мен» ББ 2024 жылғы түлектерінің екі ғылыми жобасы иеленді, құрамында Бутина Юлия, Искакова Дильназ, Кулакова Елена, Тұрсынбек Айым (ғылыми жетекшісі п. ғ. к., профессор Лебедева Л. А.) және Горчакова Ники, Дегтярева Кристина, Халикова Шадия, Шымыр Алуа (ғылыми жетекшісі педагогика магистрі Рябова Е. В.) болды.
Конкурс қорытындысы біздің түлектердің бітіру жұмыстарына дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Жүлдегерлерді құттықтап, олардың болашақтағы кәсіби және ғылыми іс-әрекеттеріне табыс тілейміз.
|