Главная
Новости
07.10.2024 Абай университетіне шақырылған шетелдік профессорлар мектеп оқушыларымен кездесті
2024 жылдың 2 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шақырылған шетелдік ғалымдар - Бурса Улудаг университетінің профессоры Салих Чепни және Трабзон университетінің профессоры Муаммер Чалих (Туркия), Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Жапония) О.Жандосов атындағы №105 гимназиясының ұстаздарымен және оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында шетелдік профессорлар қазақстандық мектеп өмірімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, оқушылар және мұғалімдермен пікір алмасу жүргізді. Шетелдік профессорлар сондай-ақ, Қазақстанның білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелермен танысты.
Кездесуді Абай университетінің химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мукатаева, доцент Айманкуль Мейрманова, аға оқытушы Турар Ақылбекова және 2-ші курс докторанты Зухра Мухамбеталиева ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралар екі ел арасындағы білім беру жүйелеріндегі байланысты нығайтуға ықпал етеді. Одан әрі ғылыми және білім беру жобаларын жасау үшін жаңа перспективті бағыттарды ашады.
|