Главная
Новости
18.04.2024 «Жаратылыстанудағы кері және қисынды емес есептер және жасанды интеллект» Еуразиялық ғылыми конференциясы
Конференцияның ұйымдастырушылары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, ҒЖБМ ҒК Математика және математикалық модельдеу институты, «Халықаралық кері есептер қоры» қоғамдық қоры, Академгородоктағы Математикалық орталығы, РФ Ресей ұлттық индустиалдық және қолданбалы математика комитеті.
Халықаралық бағдарлама комитетінің қосалқы төрағалары: ҚР ҰҒА академигі Жұмағұлов Б.Т. - Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті, Қазақстан математикалық қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті және РҒА корреспондент мүшесі Кабанихин С.И. - РҒА СБ С.Л. Соболев атындағы Математика институтының Халықаралық математикалық орталығының директоры (Ресей).
Халықаралық бағдарлама комитеті мүшелерінің қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері М.О. Өтелбаев, Т.Ш. Кальменов, М.Н. Калимолдаев, Ресей ғылым академиясының академиктері Б.Н. Четверушкин, Е.Е. Тыртышников, А.Л. Семенов, А.А. Шананин, М.П. Федорук, профессорлар Znang Ye (Shenzhen MSU-BIT University, Shenzhen, China), Alemdar Hasanoglu (Izmir, Turkey), Abit Asanov (Manas University, Bishkek, Kyrgyzstan), Abdygani Satybaev (Osh University, Osh, Kyrgyzstan), сондай-ақ Қазақстанның кері есептер мамандары: Бектемесов М.Ә. - МММ кафедрасының профессоры, Халықаралық бағдарламалар комитетінің төрағасының орынбасары, Абдиев К.С. п.ғ.д., профессор, «Туран» Университеті, Искаков К.Т. - ф.-м.ғ.д., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Баканов Г.Б. - ф.-м.ғ.д., А. Яссауи ат. ХҚТУ профессоры, Нурсейтов Д.Б. - ф.-м.ғ.к., КМГ Инжиниринг, Бектемесов Ж.М. - PhD, МКМ кафедрасының меңгерушісі, аль-Фараби атындағы КазҰУ, Касенов С.Е. - PhD, қауымдастырылған профессор, аль-Фараби ат. КазҰУ - Халықаралық бағдарламалар комитетінің ғылым хатшысы, Алимова А.Н. - PhD, КМГ Инжиниринг; Ресейден И.В. Марчук (ММФ НМУ деканы), М.А. Шишленин (РҒА СБ С.Л. Соболев атындағы Математика институтының директорының ғылым жөніндегі орынбасары), О.И. Криворотько ( РҒА СБ С.Л. Соболев атындағы Математика институтының Халықаралық математика орталығының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы).
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары теорияның өзекті мәселелеріне және жаратылыстану және машиналық оқытудағы кері есептерді шешудің сандық әдістеріне арналды. Ресейдің өнеркәсіптік және қолданбалы математика жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы, Ресей ғылым академиясының академигі Е.Е. Тыртышников қисынды емес есептердің қисынды қойылымы туралы айтады. ҰҒА академигі Т.Ш. Қалменов өзінің баяндамасында гиперболалық Геллерстедт теңдеуі үшін артық анықталған Коши есебінің шешілу критерийін ұсынды. РҒА корреспондент мүшесі С.И. Кабанихин сызықты емес кері есептерді регуляризациялаудың сызықтық әдістері туралы айтты. Профессор Чжан Йе кері және қисынды емес есептердің жалпыланған асимптотикалық регуляризациясы туралы баяндама жасады. Бұл есептердің барлығы машиналық оқыту мәселелерімен тікелей байланысты, оларда оқыту үлгілерін ескере отырып, қажетті нейрондық желінің оңтайлы салмағын табу қажет (типтік кері проблема), бұл есептеулерді біршама оңтайландыруға және жаратылыстану мәселелерінде жасанды интеллект қолдану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Конференцияда талқыланған баяндама тақырыптары ғаламның барлық: экология, экономика, эпидемиология, әлеуметтік процестер, жер және тіршілік туралы ғылымдар, нейрондық желілер және жасанды интеллекттің математикалық мәселелері саласындағы маңызды мәселелерін қамтыды.
Қоғаммен байланыс департаменті |