Главная
Новости
11.04.2024 Қазақстанның биоалуантүрлілігін зерттеу нәтижелерін оқу процесіне интеграциялау
2024 жылдың 10 сәуірінде Ғылым декадасы - 2024 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Махаббат Аманбаеваның ұйымдастыруымен «7М01513 - Биология» мамандығы, 1-курс магистранттарының қатысумен «Қазақстанның биоалуантүрлілігін тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктіру» тақырыбындағы жобалар сайысы өтті. Мақсаты - Қазақстан биоалуантүрлілігін тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктіру мазмұнында магистранттардың ғылыми-зерттеу дағдысын дамыту.
Іс-шара барысында магистранттар тұрақты даму мақсаттарының басым бағыттарын оқу үдерісіне кіріктіру мүмкініктері бойынша инновациялық идеяларын ұсынып, жобаны жүзеге асырудың жаңа жолдарына талдау жасады. Сонымен қатар CLIL және STEM технологияларын қолдану негізінде тұрмыстық қоқысқа екінші өмір беруге бағытталған қоршаған ортаны тиімді пайдалануға арналған макеттерін ұсынды.
Сайысқа кафедраның профессор - оқытушылары қатысып өз ойларымен бөлісті. Олар магистранттарға зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға және коммерциализациялау мүмкіндіктері бойынша ұсыныстарын білдірді. Іс - шара соңында магистанттарды арнайы номинациялар беру арқылы дипломдармен марапаттап, ұйымдастырушы өзінің авторлық монографиясын табыстады.
|