қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2024

QS World University Rankings by Subject 2024 


Абай атындағы ҚазҰПУ 7 пән және «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» санаты бойынша әлемдегі ең үздік университеттердің қатарына енді.


Бүгін QS World University Rankings by Subject 2024 беделді халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды, оның нәтижелері бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ 7 пән бойынша әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді. Осылайша, университет жетістіктер еншісіне тағы 4 білім беру бағдарламасы қосылды, әрине, бұл - жоғары білімнің әлемдік аренасындағы үлкен жетістік және мойындалу болып табылады.


Бүкіл әлем бойынша пәндік рейтингтердің танымалдылығының өсуіне мамандану, сапаны қамтамасыз етуге сұраныс, жаһандық бәсекелестіктің артуы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, ашықтық пен қолжетімділік сынды себептерін атап өте аламыз.


Биылғы рейтингте әлемнің 1500-ден астам университеті мен 96 жерінен келген студенттердің бес кең пәндік санатына топтастырылған 16 400-ден астам университет бағдарламаларының тиімділігіне тәуелсіз салыстырмалы талдау қамтамасыз етілді.


Қазақстанның 119 жоғары оқу орнынан пәндік рейтингке 8 жоғары оқу орны қатысып, 57 бағдарламаға талдау жасалды, олардың 17-сі өз орнын жақсартса, 7-уі төмендеді, 13-і өз орнын сақтап қалып, ал 20-сы рейтингке алғаш рет енді.


Абай атындағы ҚазҰПУ дәстүрлі түрде ең жақсы нәтижені «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» (Social sciences & Management) санатында «Білім және оқыту» (Education&Training) пәндік саласы бойынша көрсетті - 54 орын (Қазақстан бойынша 1 орын), бұл өткен жылғы нәтижеден 22 ұпайға жоғары! Ал бұл Қазақстандағы педагогикалық білім беру көшбасшысының миссиясы орындалатындығын тағы бір дәлелдеді. Бұл санат бойынша алғаш рет «Құқықтану» пәні қатарға енді  - 301-350 орын (Қазақстан бойынша 3 орын).


5 рейтинг санатының ішінде университет өткен жылғыдай тағы да «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) санатында белгіленді - әлемдік рейтингте 351-ші орын. Аталған санатта үздік 100-ге енген «Ағылшын тілі және әдебиеті» (English Language & Literature) пәні бойынша тағы да үздік нәтиже 93-орын (Қазақстан бойынша 1 орын), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 орынға жоғары. Алғаш рет 3 пәндік сала атап өтілді: Қазақстан бойынша 1-ші орын алған «Философия» (Philosophy),  «Қазіргі тілдер» (Modern Languages) - Қазақстан бойынша 3 орын,  және «Өнер және дизайн» (Art & Design) бойынша Қазақстанда 3 орын. Айта кету керек, олардың алғашқы екеуі бірден 101-150 позицияларында, бұл әлемдік жүздікке кіруімізге тек «бір қадам»  қалғанын көрсетеді. Үшінші пән 201-240 орында. Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан «Тіл білімі» (Linguistics)  өз орнын сақтап қалды - 201-240.
 
Осылайша, рейтингке енген 7 пәннің ішінде үздік 100-ге «Білім беру және оқыту» және «Ағылшын тілі», үздік 200-ге «Қазіргі тілдер» және «Философия», үздік 300-ге «Өнер» және «Тіл білімі», «Құқықтану», сонымен қатар кең санаттағы «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» топ 400-ге кірді.
 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жетістігі ғылыми зерттеулер сапасының жақсаруының арқасында мүмкін бола алды, ал бұған бұрын рейтингке енгізілген пәндер бойынша есептелген «Дәйексөз көрсеткіші» және «Хирш индексі» көрсеткіштерінің оң динамикасы дәлел. Жаңа пәндердің бағалануы ғылыми басылымдардың шекті мәндерден жоғары өсуі арқылы қол жеткізілді, ал олардың жоғары орындары, басқалармен қатар, университеттің академиялық беделінің өсуімен қамтамасыз етеді.
 
Айта кету керек, университет бұл рейтингке 2021 жылы қатыса бастады және бірнеше жыл ішінде рейтингтік пәндер санын 2-ден 7-ге дейін арттырды. Университеттің педагогикалық зерттеу университетіне айналу кезеңіндегі бұл ілгерілеу динамикасында жаһандық академиялық қоғамдастыққа табысты интеграциялауға, әлемдік білім беру кеңістігінде Abai University ұлттық брендінің беделі мен танымының өсуіне үлес қосатын оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары сапасының даусыз дәлелі.
 
* QS World пәндік университеттер рейтингінің соңғы шығарылымының нәтижелерін мына сілтемеден табуға болады: https://www.topuniversities.com/. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Стратегия департаменті