қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2024

Самарқанд мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған онлайн сабақ


2024 жылдың 9 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «Педагогика және психология» мамандығының 2-ші курс студенттері Жұматай Айсана, Досалин Аруна, Сарбасова Айнұр, Фавзия Сұлтани (Ауғанстан), Камышанская Арина, Нұрғалиева Амина және Даутова Мариям «Біздің балалық шағымыздың ертегілері» тақырыбында онлайн-сабақ өткізді. Сабаққа Самарқанд мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) «Практикалық психология» мамандығының 2-ші курс студенттері қатысты.

Кездесу «төңкерілген сабақ» форматында өтті. Самарқанд студенттері шағын дәрісті тыңдап, сабақта жаттығулар орындады, блиц-сұрақтарға жауап берді, интерактивті бөлімде «Ақсаққұлан» қазақ халық ертегісін, «Үш қарбыз тұқымы» өзбек халық ертегісін және «Золушка» француз халық ертегісін білуге арналған викторинаға қатысты. Соңында барлық қатысушылар саусақ гимнастикасын орындап, әсерлерімен алмасты.

Бірлескен сабақ оқу жылы ішінде өткізілетін «Психология әліпбиі: студент - студентке» екінші халықаралық білім беру марафоны аясында өтті. Іс-шара қорытындысы көрсеткендей, мұндай интерактивті формат студенттерге әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге көмектеседі және ой-өрісін кеңейтуге, оқу және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Марафонды ұйымдастырушылар, модераторлар және сарапшылар - Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Исалиева, психология кафедрасының профессоры Екатерина Федосенко (Самарқанд мемлекеттік университеті), Алматы қаласы №18 гимназиясының педагог-психологы Ақжан Барманашева.

 

 

  alt=  

 

  alt=