Главная
Новости
09.04.2024 Абай университеті мен Огайо штатының университеті (АҚШ) білім беру және зерттеу саласында ынтымақтастық орнатуда
Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттер мен оқытушылар алмасу арқылы білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы байланыстарды нығайту мақсатында Огайо штаты университетінің (АҚШ) өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Огайо штаты университетінің Білім және адам экологиясы колледжінің деканы Дон Поп-Дэвис, Иллинойс технологиялық институтының Халықаралық істер жөніндегі аға кеңесшісі Дэниэль Палм, Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева қатысты.
Кездесу барысында студенттер мен оқытушылардың біліктілігін арттыру және бірлескен ғылыми зерттеулерді кеңейту үшін алмасуын оңтайландыруға бағытталған бастамалар талқыланды. Бұл екі университеттің студенттері мен оқытушыларына мәдениетаралық түсіністік пен академиялық шеберлікті дамытуға ықпал ететін ғылыми ортаға енуге мүмкіндік береді.
Кездесудің негізгі мақсаты болашақ ынтымақтастықтың шеңберін айқындайтын және бірлескен зерттеу жобалары, академиялық бағдарламалар және әртүрлі салалардағы білім мен инновацияларды дамытуға бағытталған басқа да шаралар үшін жол ашатын өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы мәселелерді талқылау болды. Сондай-ақ, Огайо штатының университетінде Абай университеті оқытушыларының «500 ғалым» бағдарламасы аясында «Болашақ» мемлекеттік стипендиялық бағдарламасының қолдауымен ғылыми тағылымдамалары талқыланды, олар оқытушыларға озық зерттеулерге қатысуға, тәжірибе алмасуға және жаһандық ғылыми жетістіктерге үлес қосуға баға жетпес мүмкіндіктер береді.
Кездесу соңында тараптар серіктестікті жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Екі жоғары оқу орны да өз ынтымақтастығында білім беруді дамытуға, ғылым мен жаһандық ынтымақтастықтың білікті педагогтарын даярлауға елеулі үлес қосуға дайын.
|