Главная
Новости
15.03.2024 Кірістер басқармасының өкілімен кездесу
Кездесу барысында Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталғаны, декларациялау кезеңдері туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 3-кезеңде ұсынуға міндетті тұлғалар туралы ақпараттар айтылып, Кірістер басқармасының маманы қызметкерлердің туындаған сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, Активтер мен міндеттемелер туралы декларация толтыру (250.00 нысан), Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысан) бойынша және декларация тапсыру мерзімі мен тәртібі туралы, декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолда бар активтер мен міндеттемелер туралы қандай мәліметтерді көрсету қажеттілігі жөнінде ақпараттар беріліп, Декларация бойынша нысандарды толтыру тәртібі туралы бейне нұсқаулық көрсетілді.
|