Главная
Новости
11.03.2024 Елдегі діни ахуал: «Исламофобия»
2024 жылдың 6 наурызында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбаев Дидардың ұйымдастыруымен «Исламофобия» тақырыбында семинар өтті. Семинарды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дінтану сараптама департаментінің бас сарапшысы Жамалбек Дүйсенбаев 3 курс «6В01602Тарих-дінтану» және 4 курс «5В013000-Тарих-Дінтану» мамандықтары студенттеріне дәріс өткізді.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - жастар арасындағы діни сауаттылықты қалыптастыру және 4 курс студенттерінің диплом жобаларына қатысты кейбір дінтанулық сараптауды қажет ететін сұрақтарға жауап табуға бағытталған.
Тәрбие жұмысына барысында ҚР АжҚМ Дінтану сараптама департаментінің бас сарапшысы Жамалбек Дүйсенбаев қоғамдағы діни ахуалды, мемлекеттің дін істерін реттеуге қатысты саясатымен таныстырып, еліміздегі Исламофобиялық әрекеттердің пайда болуы мен тарихын және болжамды қауіптерін ашып көрсетті. Сонымен қатар, түлектерге және магистранттарға дінтану сарапшысы ретінде білім, әділет және сыртқы істер министірліктеріне маман ретінде жұмысқа орналасуға кеңес берді.
|