Главная
Новости
01.03.2024 Психолог-студенттер педагогикалық практиканың қорытынды конференциясын өткізді
2024 жылдың 29 ақпанында Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» мамандығының 3-ші курс студенттерінің 2024 жылдың 22 қаңтар - 17 ақпан аралығында өткізілген педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы болды.
Педагогикалық практиканың базалары Алматы қаласының №6, №34, №206, №53 мектеп-гимназиялары және №43, №185 жалпы білім беретін мектептер болды. Қорытынды конференцияға кафедра меңгерушісі Ниетбаева Гүлмира, кафедраның практиканы ұйымдастырушысы Тукебаева Сәулет, практика әдіскерлері Абишева Эльмира, Акажанова Алма, Жигитбекова Бақыт, Момбиева Гүлмира, Қожахметов Дәуірхан қатысты. Конференция барысында студенттер тәжірибелі мұғалімдер мен мектеп психологтарының жетекшілігімен жасалған жоспарға сәйкес балалармен тәжірибе жүргізген жұмыстарын көрсетті. Психологиялық түзету әдістеріне, психологиялық профилактика мен психодиагностикаға, балалардың шығармашылығы мен әлеуметтенуін дамытуға баса назар аударылды. Шеберлік сыныптары құм терапиясы, фольга терапиясы, орбиздер, маккарталар, ертегі терапиясы, қуыршақ терапиясы, түйме терапиясы бойынша өткізілді. 11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
Педагогикалық практика қорытындысы бойынша студенттер және практика әдіскерлері практика базаларынан алғыс хаттар, кафедраға мектеп басшылықтарынан оң пікірлер берілді.
|