қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.02.2024

Студенттер мен оқытушыларды сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру бойынша дәріс

 

2024 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жоғары оқу орындарының (ҚазҰПУ, ҚҰК, ҚБТУ, СПбГУП, ҚРМУ) профессор-оқытушылар және студенттері құрамын сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары бойынша дәріс өткізді.

 

Шараның мақсаты - тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, азаматтық қорғау қызметтерінің беделін нығайту және көтеру, азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттау, халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындау болды.

 

Дәрістің спикері - Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Баймұхамбетова Сандуғаш, шара барысында «Авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдары қызметінің құрамы, міндеттері мен негізгі қағидаттары, Жер сілкінісі кезінде, жер сілкінісінің алдында, жер сілкінісінен кейінгі халықтың іс-әрекеттері, «Дабыл шабаданның құрылымы», Құрылымдық емес сейсмобекіту, Төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру» және тағы да басқа техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы баяндады.

 

Сонымен қатар, спикер ЖОО-ғы оқу корпустары мен жатақханаларында жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырып, дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ, жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде жүру керек екені айтылды. «Төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек? Қандай шаралар қолдану қажет?» деген сұрақтарға жауап берілді. Дәріске қатысушыларға жалпы ашық алаңға шығу тәртібін түсіндіріп, тәжірибе жүзінде пысықталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті