қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.02.2024

«Оқу процесінде онлайн платформаларды пайдалану» ғылыми-әдістемелік семинары

 

2024 жылдың 26 ақпанында Жаратылыстану және химия кафедрасы химия кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары өтті.


Семинарда білім берудегі цифрлық бағдарламалар, оқыту процесінде критериалды бағалауды қолдану, оқытылатын пәндер бойынша жаппай ашық онлайн оқыту курстарын (МООК) ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

 

Білім берудегі цифрлық бағдарламалар мәселесі бойынша кафедраның аға оқытушысы Оңласын Кулумбетова «Оқу процесінде онлайн платформаларды пайдалану. Digital teacher» тақырыбында баяндама жасады. Мұғалімге қажетті жасанды интеллект құралдарымен таныстырып, презентация, онлайн тақталар, квиз-тест, конструкторлар, дидактикалық ойындар, формативті бағалауға арналған цифрлы платформалармен жұмыс жасауды үйретті.

 

Оқыту процесінде критериалды бағалауды қолдану мәселесі бойынша «Қысқы мектепте» қарастырылған мәліметтер негізінде аға оқытушылар Нұржан Чинибаева, Жанар Қорғанбаева, Оңласын Кулумбетова пән бойынша силлабустың құрылымы және пәннің мазмұнына орай бағалаудың критерийін құрастыру жағдайларын түсіндірді. Оқытылатын пәндер бойынша жаппай ашық қашықтықтан оқыту курстарын (МООК) ұйымдастыру мәселесі бойынша жаппай ашық онлайн оқыту курстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар, курстың құрылымына қатысты мәліметтер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=