Главная
Новости
26.02.2024 Практиканттардың республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы
2024 жылдың 22 ақпанында Өнер, мәдениет және спорт институты музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Нарикбаева Лора, аға оқытушысы Мәлімбай Саматтың және №163 мектеп-лицейінің музыка мұғалімі Мырзабаева Ақтотаның жетекшілігімен «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс студент-практиканттары мектеп басшылығымен бірлесіп «Замануи мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтарын дамыту тенденциялары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты. Конференцияның мақсаты - әртүрлі пәндер мұғалімдерінің озық тәжірибесінің оқу-ағарту қызметі. Студенттер-практиканттар конференция барысында, оның ішінде секциялық семинарларында оқушылармен және музыка мұғалімдерімен бірлесіп концерт және жеке музыкалық нөмірлермен өнер көрсетті, олар дәстүрлі қазақ музыкалық өнерінің негізі ретінде қазақ халық аспаптарын ансамбльдік орындаудың импровизациялық деңгейін, сондай-ақ өз аспаптық сүйемелдеуімен вокалдық-хорлық ән айтуды көрсетті. (Рахымжан Дінмұхамед, Рауылбек Елнар, Айнакулов Ақберен, Алимтаев Нурасыл, Бақытова Арна, Жумакелды Мардана, Жуматова Жулдыз, Исмаилов Илиас, Исмаилова Балауса, Қалибек Жәйна, Құрман Мұстафа).
Конференция жоғары ғылыми-әдістемелік мотивациялық деңгейінде өтті, мұғалімдер ұлттық материалдары арқылы оқушыларды оқытудың әртүрлі интерактивті заманауи әдістемелерін көрсетті. Конференция қорытындысы бойынша (профессор Саудабаева Г.С. - Абай ат. ҚазҰПУ педагогика кафедрасының қатысуымен), №163 мектеп-лицейінің басшылығы музыкалық білім беру кафедрасының студент-практиканттарының қатысуын жоғары бағалап және олардың басшыларына алғыстарын білдірді, сондай-ақ барлық қатысушыларына сертификаттары табыс етілді.
|