Главная
Новости
19.02.2024 «English Challenge Month» - «Improving communication skills» конкурсы
2024 жылдың 26 қаңтарынан 16 ақпанына дейін Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасында 3 курс докторанты Шолпан Калбергенова диссертациялық зерттеу аясында (жетекшісі п.ғ.к., доцент Л. А. Лебедева) «English Challenge Month» - «Improving communication skills» конкурсын өткізді.
Конкурстың негізгі мақсаты ағылшын тілін үйрену барысында шығармашылық сөйлеу дағдыларын көрсету болды.
«Бастауыш білім ағылшын тілінде» және «Бастауыш білім көптілділікпен» БББ 1-ші және 3-ші курс студенттері тапсырмаларды орындауға дербестік пен шығармашылықпен қарады, ағылшын тілін меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Grammar & Vocabulary» номинациясы бойынша: I орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 3 курс; II орын - «Бастауыш білім көптілділікпен», 3 курс; III орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 1 курс.
«Poetry café & expressive reading» номинациясы бойынша: I орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 3 курс; II орын - «Бастауыш білім көптілділікпен», 3 курс; III орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 1 курс.
«American & British writers» номинациясы бойынша: I орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 3 курс; II орын - «Бастауыш білім көптілділікпен», 3 курс; III орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 1 курс.
Конкурс студенттердің шығармашылық сөйлеу дағдыларын игерудегі үлкен әлеуетін көрсетті.
|