Главная
Новости
07.02.2024 Абай университетінің студенттері Польшада өткен поэзия кешіне қатысты
Слупскідегі (Польша) Помор университетінің Студенттік клубында I Халықаралық студенттік поэзия кеші өтті. Іс-шараны поляк жоғары оқу орнының «Неофилология» кафедрасы қазіргі уақытта Слупскіде қос дипломдық бағдарлама бойынша оқитын Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы студенттерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырды. Жүргізушілер Руфина Абузярова мен Айдар Бигазиев болды. Шараның өтуіне, сонымен қатар, Абай университеті магистратурасының түлегі, ал қазіргі кезде «Неофилология» кафедрасының доценті, PhD докторы Максим Пономаренко жетекшілік ететін Помор университетінің «Славяндықтың көкжиектері» ғылыми студенттік үйірмесінің мүшелері атсалысты.
Сахнада студенттер өздерінің сүйікті өлеңдерін, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, украин, беларусь, неміс және поляк тілдеріндегі өз туындыларын орындады. Бұл мәдениетаралық диалогтың ерекше атмосферасын орнатуға және студенттерге бір-бірімен көбірек танысуға көмектесті.
Абай университеті студенттерінің арқасында әр түрлі елдерден келген көптеген слупск студенттері алғаш рет домбыраның не екенін біліп, оның ерекше және қайталанбас үнін естіді. Сахнадан олардың орындауында ХХ ғасыр ақындарының өлеңдері, Шекспирдің Гамлет монологы және қазақ тіліндегі бірнеше өлеңдері айтылды. Кештің ең есте қаларлық бөлігі, үшінші, музыкалық бөлігі болды. Студенттер гитара мен фортепианоға арналған өз шығармаларын орындап, орыс, ағылшын, беларусь және қазақ тілдеріндегі танымал әндерді шырқады. Айта кететін жәйт, көрермендер орасан зор қызығушылық танытып, қол шапалақтап отырды, ал сахнада болып жатқан оқиғалар сан-алуан эмоциялар тудырды. Соңында әр қатысушы Помор Университетінің ректорынан естелік сертификат алды.
|