қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.01.2024

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығының директорының ашық дәрісі

 

2024 жылдың 29 қаңтарда Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығының директоры Ким Тэхван (Kim Taewhan) «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша корей тілін оқитын 1-3 курс студенттеріне дәріс өтті. Дәріс тақырыбы «Корея: осы ел туралы бәрін білгім келеді». Директор А.В. Танжарықова, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.А. Найманбаев, кафедра меңгерушісі Н.Н. Конкабаева бастаған Филология институты Корей орталығы директорының дәрісіне арнайы қатысып, Ким Тэхванді университеттің алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапаттады.

 

Айта кетсек, Ким Тэхван Алматыға алғаш рет 2021 жылы келген болатын. Сол кезде Абай атындағы ҚазҰПУ-да корей тілі бөлімі ашылды. Корей бөлімінің ашылуының алғашқы күндерінен бастап Ким Тэхван оның қалыптасуына белсенді атсалысып, корей кабинетін тек техникалық емес, сонымен қатар оқу материалдарымен қамтамасыз ету бойынша белсенді қолдау көрсетіп, корей тілінде сөйлейтін, волонтер мұғалімді Абай атындағы ҚазҰПУ-ға жіберуге ықпал етті деп айтуға болады. Содан бері үш жыл өтті. 2024 жылдың ақпан айында оның үш жылдық өкілеттік мерзімі аяқталуға жақын қалды, Қазақстандағы жұмысының аяқталуын біздің ЖОО-мен байланыстырып, студенттерімізге арнайы дәріс өткізді.

 

Ашық дәрісте директор Ким Кореядағы оқу мүмкіндіктері туралы ғана емес, бүкіл Корей түбегі туралы да айтты. Дәріс тақырыбы география, экономика, демография, инфрақұрылым, сондай-ақ Корея оқушыларының Қазақстан жайлы не оқып жатқаны сияқты мәселелерді айтты. Қазақстан туралы сұрақтар тіпті корей оқушылары университеттерге түсу үшін тапсыратын ҰБТ сұрақтарында да беріледі екен. Дәріс сонымен қатар Корей түбегін шығыстан шайып жатқан теңіздің топономикалық атауы туралы мәселені көтерді.

 

Дәріс барысында директорға сұрақтар қойғысы келетін студенттердің легі көп болды. Сұрақтар қойған алғашқы студенттерге директор Корей орталығынан естелік ретінде сыйлықтар сыйлады.


Студенттердің дәріс туралы пікірлері:

- Корея орталығының директорына осындай өте пайдалы дәріс үшін рахмет. Бүгінгі дәрістен Корея туралы көп нәрсе білдім. Корей университетіне оқуға баруға деген ынта артты. Болашақта біз бәріміз Кореяда кездесе аламыз деп үміттенемін.

- Дәріс өте қызықты және танымдық болды. Мен Кореяның тарихы мен географиясы туралы көп нәрсе білдім. Кейбір сәттерде мен тіпті аудармашысыз директордың не туралы айтып жатқанын түсіндім, бұл сөзсіз қуантады.

- Дәріс өте жақсы өтті және суреттер мен бейне материалдар бізді Корея тарихымен таныстыруға қалай дайындалғанын растайды.

- Дәріс көңілді және өте пайдалы болды. Ақпараттың алуан түрлілігі маған Корея туралы жаңа нәрселерді білуге мүмкіндік берді. Ким Тэхван мырзаға бізге арнаған уақыты, білімге қосқан үлесі және осындай жарқын мүмкіндіктері үшін алғыс айтқым келеді. Болашақта біздің жолдар әлі де қиылысады деп үміттенемін!

 

  alt=  

 

  alt=