Главная
Новости
05.01.2024 Абай университеті мен №119 мектеп-лицейінің коллаборациясы: цифрлық ортада білім берудің сапасын арттыру
Семинар-тренинг барысында цифрлық білім беру ресурстары ретінде онлайн тақталардың мүмкіндіктері, интерактивті тапсырмаларды, жаттығуларды жасауға арналған платформалар, тесттер мен сауалнамаларды әзірлеуге арналған платформалар және презентациялар жасауға арналған құралдар қарастырылды. Кездесуде мұғалімдер нақты режимде google.forms арқылы онлайн сауалнама өтуге тырысты, kahoot платформасында оқу ойынын ойнап, Padlet онлайн тақтасына тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, семинарда М. Абсатованың жетекшілігімен біліктілікті арттыру курстарына белсенді қатысқан мұғалім Харсан Мейірлан цифрлық құралдарды таныстырды. Кездесу мұғалімдер мен мектеп басшылығының кері байланысымен және жылы лебіздерімен аяқталды.
|