Главная
Новости
29.12.2023 Абай университетінің 2023 жылғы ғылыми жетістіктері: талдау және болашаққа бағдар
2023 жыл Абай атындағы ҚазҰПУ үшін айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Осы кезеңде жетекші педагогикалық университетінің ғалымдары мен зерттеушілері ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында белсенді жұмыс атқарып, жаңа стандарттар белгіленіп, елеулі нәтижелер артығымен орындалды.
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің (НААР) Топ-50 үздіктер тізіміне Абай университетінің 5 профессоры енді, олар: В.Н.Косов, Е.Ә.Бөрібаев, Ж.А.Хамзина, А.С.Бердышев, А.К.Жармағанбетова, сондай-ақ 1 жас ғалым Е.Тілеуберді.
Осы жылы профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері Scopus (211) және Web of Science (100) индекстелген шетелдік журналдарда 300-ден астам ғылыми мақала жариялады. Айта кету керек, Q1, Q2 жоғары рейтингті журналдардағы басылымдардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті.
Университет әрдайым профессор-оқытушылар мен жас ғалымдарды қолдап, олардың болашақ идеяларын дамытуға өз бюджетінен қаражат бөледі. Жыл сайын университетте жас ғалымдар, профессор-оқытушылар және қызметкерлер үшін ішкі гранттар конкурстар өткізіледі. Сонымен қатар, Абай университеті елімізде алғашқылардың бірі болып постдокторантура бағдарламасын енгізді, қазіргі таңда оның қатысушыларының саны - 28 адамға жетті. 2023 жылы постдокторанттардың екінші легі ретінде - 7 талантты жас ғалым постдоктор дәрежесін алды.
Сонымен қатар Абай университеті ДААД, «Ашық Азия» қоры, «Erasmus+» сияқты шетелдік ұйымдар қаржыландыратын жобаларды да іске асыруда, бұл бағдарламалар білім алушылар үшін білім мен тәжірибе алмасудың жаңа көкжиегін кеңейтуде. Қазір университетте 9 ғылыми-зерттеу зертханасы мен студенттерді ғылымның қызықты әлеміне тартатын STEM-парк жұмыс істейді. Абай университетінің 2023 жылғы жетістіктері ұжымның ортақ күшін, таланттардың бірлігін және озық білім алуға деген ұмтылысын көрсетті. Болашақта білім мен ғылымның қара шаңырағы - Абай университетінің даму стратегиялық бағыттарының бірі педагогикалық зерттеу университеті мәртебесін алу болып табылады. Бүгінде жоғары оқу орны педагогикалық зерттеу университеті мәртебесіне ие болу жолында батыл қадамдар жасауда.
|