Главная
Новости
13.12.2023 Ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ЖТН AP13067931 «Жаңартылған мазмұндағы географияны оқытуда цифрлық геоақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін жасау (жоғары сыныптардың мысалында)» жобасы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары, атап айтқанда, PhD докторлар Лайсханов Шахислам, Алиаскаров Думан, Усенов Нурбол және докторанттар Нұрмұғамбетұлы Жанболат пен Баканов Нұрсұлтан Түркістан және Жамбыл облыстарының ауылдық мектептерінде «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізді. Ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Түркістан облысының 109 мектебінен және Жамбыл облысы 33 мектебінен география пәні мұғалімдері қатысты.
Абай университетінің жас ғалымдары шеберлік сабақтарында географиялық білім беруде қолдануға болатын геоақпараттық технологиялар мен ресурстарды, картографиялық сервистер мен геопорталдарды және жерді қашықтан зерделеу материалдарын қолданудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сабақтары барысында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарына арналған «Географиялық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен ресурстар» авторлық оқулығы таныстырылды.
|