қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
30.10.2020

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

2020 жылдың 10 қарашасында  сағат 15:00-де https://meet.google.com/qjk-cmhv-iuf платформасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді ілім беру институты С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында «Түркі әлеміндегі жазулар: Латын графикасы рухани жаңғыру баспалдағы» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтеді.

 

Халықаралық онлайн конференцияда еліміздің дамуында жаңа идеологиялық тұғырнаманың бірі болып табылатын әліпби ауыстыру мәселесі түрлі аспектіде қарастырылады. Латын әліпбиіне әлдеқашан көшкен түбі бір түркі халықтарының тәжірибесі де басты назарға алынады.


Онлайн басқосуға отандық және шетелдік ғалымдар студенттер қатысады.


Конференция мақсаты - Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру бойынша мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан іс-шараларды қолдау, барша отандастарымыздың бұл шешімнің маңыздылығын түсінуге үндеу.


Жиында шетелдік қонақтар: Жулибой Элтазаров, Өзбекстан, Самарқанд «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің Бірінші проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ержан Алкайа, Түркияның Фырат университетінің профессоры, Альфия Шавкетовна Юсупова, Татарстан, Қазан федеральды университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Бағдагүл Мұса, Иордания мемлекеттік университеті Шет тілдер факультеті Азия тілдері кафедрасы Түрік-Ағылшын тілдері бөлімі, ассоц. проф, PhD Нурдин Усеев, Қырғызстан, Қырғыз-түрік «Манас» университеті, Түркология бөлімі, PhD, доцент, тақырып төңірегінде мазмұнды ой айтып, пайымды пікір білдірмек.


Сондай-ақ аталмыш конференцияға өз оқу орнымыздан: Саябек Сахиев, Ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚазҰЖА академигі, Таңжарықова Алуа, Филология және көптілді білім беру институтының директоры, Филология ғылымдарының докторы, Ильясова Нағима, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, сондай-ақ университет профессорлары, оқытушылары мен студенттері және Татарстанның Қазан федеральды университетінің студенттері де қатысады.