қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.11.2023

Ректордың Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттерімен кездесуі

 

2023 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп Өнер, мәдениет және спорт институтының 1-4 курс белсенді студенттерімен кездесу өткізді. Ректор студенттердің білім беру ортасын қалыптастырудағы шешуші рөліне тоқталып, оларды университет өміріне белсенді қатысуға шақырды. Студенттік белсенділік тек өнер, мәдениет және спорттағы жетістіктерімен ғана бағаланбайды, сонымен қатар университет пен еліміздің дамуына қосқан маңызды үлес ретінде де бағаланатынын айтты.

 

Институттың білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары талқыланып, бұл бағытта, атап айтқанда студенттердің шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыту, білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізу бойынша кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Осы саладағы болашақ кадрларды кәсіби даярлау мақсатында тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу мүмкіндігінің жоспарларына ерекше назар аударылды.

 

Кездесуде оқу үрдісі, жатақханаларда тұру жағдайлары, әлеуметтік қолдау қажеттілігі, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарға, оның ішінде акт залын бөлуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ студенттердің республикалық іс-шараларға қатысуына материалдық көмек көрсету және М.Әуезов атындағы театрда өндірістік тәжірибеден өтуін қолдау мәселелері қаралды.

 

Шығармашыл жастардың рухани-мәдени дамуына ықпал ету мақсатында институт студенттеріне жетістіктері үлгі болатын белгілі мәдениет және спорт қайраткерлерінің қатысуымен дәрістер жоспарланып отырғаны айтылды. Мұндай кездесулер студенттерге кәсіби мамандардан құнды білім алуға, сондай-ақ олардың жеке және шығармашылық өсуіне шабыт алуға мүмкіндік береді.

 

Ректор университет жанындағы Өнер, мәдениет және спорт институтының стратегиялық маңызына тоқталып, студенттерді белсенділікке, жаңа жетістіктерге ұмтылуға және кәсіби өсу үшін бар мүмкіндіктерді толық пайдалануға шақырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті