Главная
Новости
14.11.2023 Биология кафедрасының магистрантының «Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу гигиенасы» тақырыбына өткізген ашық сабағы
2023 жылдың 10 қарашасында Жаратылыстану және география институты «7М05101 Биология» мамандығының 2 курс магистранты Усенова Дильназ педагогикалық практика аясында «Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа «6В01513-Биология» мамандығының 2 курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты. Усенова Дильназ «Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу гигиенасы» тақырыбында баяндама жасап, студенттерді білім берудің негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырды. Сабақ барысында дидактикалық ойындар болды. Атап айтқанда, «Галлереяны шаралау» топтық ойыны.
«Галлереяны шаралау» ойынында студенттерге топтық жұмыс берілді. Студенттер дәрістерде алған білімдерін және өздерінің ғылыми ізденістерін осы ойында топпен бірігу арқылы көрсетіп, бір-бірін бағалау ағашын қолдану арқылы бағалады. Сонымен қатар, қазіргі білім мен ғылымдағы жаңа тренд STEM-технологиясына сай жүргізілді. Студенттер акедемиялық-теориялық тұжырымдарын шынайы өмір контекстінде жүзеге асыратын болды. Және студенттер өздерін топпен жұмыс жасау барысында дамытатын болады.
«Ойлан тап» сұрақ-жауап ойыны және нейро-психологиялық ойын ойнатылды. Сонымен қатар бір- біріне алманы алмастыру арқылы білген мәліметтерін айтып сабақты қорытындылады. Ашық сабақта өткізілген әдіс - тәсілдер студенттің белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, жасырынып жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болады. Студент негізгі ұғымдарды еске сақтайды, білім сапасы жақсара түседі, өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, бір-біріне қолдау көрсетеді, топта жұмыс жасай білуге дағдыланады, басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік алады.
Сабақ соңында студенттер Tablet тақтасы арқылы кері байланыс жасап, туындаған сұрақтарына жауаптарын алды және осындай ашық сабақтарды жиі өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.
|