қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.11.2023

Абай университеті филолог-ғалымдарының Астана қаласы жоғары оқу орындарына ғылыми іссапары

 

AR19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу саласы» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес жобаны орындаушылар Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Жұмабекова Айгүл (ғылыми жетекші), ф.ғ.к. Шенгелбаева Нұржамал, PhD Алдабергенова Айым және Манапбаева Жаннура, магистр Мухитов Арупжан 2023 жылғы 6-11 қараша аралығында Астана қаласына іссапарда болып қайтты.

 

Зерттеу міндеттері - Қазақстандағы аударма сапасын бағалау мәселесінің қазіргі ахуалын шешудің тиімді жақтарын анықтау тұрғысынан зерттеу; ғылыми және оқу саласындағы аударма сапасын бағалаудың негізгі теориялық және практикалық тәсілдерін қарастыру. Жобаға қатысушылар қазақ тіліне аударылған филология оқулықтарының сапасына сыртқы бағалауды анықтау үшін филология мамандықтары студенттеріне әлеуметтік лингвистикалық сауалнама жүргізіп, оқытушылармен сұхбаттасу жүргізіп, аударматанудың кейбір пәндерінен сабақтарға қатысты.

 

Ғылыми жобаны жүзеге асырушылар Астана қаласындағы Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Тұран-Астана» университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті, А.К.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ғалымдары және оқытушыларымен пікір алмасып, сабақтарына қатысты.

 

2023 жылғы 9 қарашада Л.Н. Гумилев Еуразия Ұлттық университетінің аударма теориясы және практикасы кафедрасының меңгерушісі Д.М. Акижанова, PhD А.М.Төлеубаева, ф.ғ.к. Ж.М.Қоныратбаева, PhD М.Ж.Ескиндирова және басқа да оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жобаны жүзеге асырушылар өздерінің зерттеу міндеттері туралы айтып, әріптестерімен пікір алмасты.

 

2023 жылдың 10 қарашасында «Тұран-Астана» университетінің профессор-оқытушылар құрамының өтініші бойынша профессор А.Қ.Жұмабекова «Қазақстандағы аударма сапасын бағалаудың өзекті мәселелері» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәріс соңында оқытушылар мен студенттерге кері байланыс орнатылып, оқытушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Іссапар нәтижесі бойынша ғылыми сапардың алға қойған мақсаттары мен міндеттері орындалды.

 

  alt=