қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.11.2023

«Шын жүректен» қайырымдылық бенефисі

 

2023 жылғы 10 қарашада «Мейірім» клубының аниматорлық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында «Бүгін менің туған күнім!» анимациялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шын жүректен!» қайырымдылық бенефисі өз жұмысын бастады.

 

Бенефистің мақсаты «Бүгін менің туған күнім!» анимациялық бағдарламасын іске асыру арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыру үшін жағдай жасау.

 

Анимациялық бағдарламаның әлеуметтік-педагогикалық міндеттері өзін-өзі тануға және дамытуға (интеллект, қиял, эмоциялар, қарым-қатынас, позитивті өзін-өзі бағалау, диалог және т.б.) бағытталған.

 

Анимациялық бағдарламаның ойын формаларын «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «6BO1902 - Арнайы педагогика» мамандықтарының 1-3 курс ерікті студенттері: Ахметбек Айбопе, Бақтыбай Арайлым, Спархан Ақбаян, Махамбетова Ұлбосын, Бальуразова Динара, Унгарова Айнұр, Ғабибуллақызы Гүлшат, Серікбек Бүлдіршін, Қияқбай Үміт, Әмзеева Әселхан, Хамзаева Аружан ұйымдастырды.

 

Туған күн иесінің құрметіне ұйымдастырылған қозғалыс анимациясы балаларды қозғалыстағы рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қызықты ашық ойындар мен музыкалық викториналарға белсенді түрде енгізді. Бенефис барысында құрылған әлеуметтік кеңістікте балалар мен еріктілер музыкалық сүйемелдеумен туған күн иесіне арналған тортпен шын жүректен тілектерін арнады. Көптеген жағымды эмоциялар алған балалардан біздің командаға үлкен алғыс сөздер мен тілектер айтылды. Мерекелік бенефистен осындай сыйлық алу түрі мағыналы және ол туралы естелік әр баланың жүрегінде мәңгі қалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы