Главная
Новости
04.09.2017
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2010 жылдан бері бастау алған «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жалғасын тауып, әрбір мемлекеттік білім мекемелерінде түрлі форматта өткізілуде. Бұл қайырымдылық шара университет ректоры, профессор Такир Оспанұлы Балықбаевтың тікелей бастамасымен білім ордамызда алғашқы рет кең ауқымда ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға үлкен қуаныш сыйлады. Қайырымдылық іс-шара аясында Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның әлеуметтік қолдауға зәру бір топ оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдары мен арнайы сыйлықтар табысталды. Университетіміздің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу жылына деген ынталарын арттырды. Жиын соңында балалар мен ата-аналар университет басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, шексіз алғыстарын жеткізді. Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар
|