О нас | ![]() Сейсенбеков Ерлан Кенжебайұлы
Сейсенбеков Ерлан Кенжебайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі (2013-2014 ж.ж., Асен Златаров атындағы Бургас университеті, Болгария). 170 ғылыми еңбектері мен мақалалары елімізде және әлемнің 17 елдерінде жарық көрген. Оның ішінде: 2 оқулық (1 оқулық ҚР БҒМ грифімен); 4 оқу құралдары (2 оқу құралы ҚР БҒМ РОӘК грифімен); ағылшын тіліндегі 1 монография; Scopus, Web of Science, ҚР БҒМ БҒСҚК қарасты барлық ғылыми басылымдарда ғылыми мақалалары жарық көрген. «Journal of Education and Training Studies» (Beaverton, АҚШ) және «Педагогика и психология» (Абай атындағы Қазақ ҰПУ) ғылыми журналдарының рецензенті. Дербес ақпарат - туылған күні, айы, жылы: 20.08. 1965 ж. Ұлты: қазақ; Жанұялық жағдайы: үйленген, 2 ұл, 2 қыз, 9 немерелі; Білімі: жоғары, Шымкент педагогикалық институты, 1988 ж; Мамандығы: Дене шынықтыру мұғалімі.
Кәсіби іс-қызметі:
Хоббиі: бос уақытта сканворд шешкенді ұнатам, көркем әдебиет оқимын. Тілдер: қазақ, орыс тілдерінде еркін, ағылшын, болгар, серб, босния тілдерін сөздікпен.
Алған марапаттары: 1) Білім саласындағы сіңірген еңбегі үшін медалі; 2) ҚР туризм саласының дамуына үлес қосқаны үшін медалі; 3) Абай атындағы Қазақ ҰПУ 90-жылдық мерейтойлық медалі; 4) ҚР БҒМ «2020 жылғы Үздік ғылым кандидаты» медалі; 5) ҚР БҒ Министрінің Алғыс хаты (2021 ж., 05.01.) Бұған қоса, әртүрлі жоғары жетістіктер мен оқу орындарының қоғамдық өмірі және спорттық жарыстарға белсенді қатысқаны, үздік бапкер (2020 ж өткен қысқы Универсиадада Керлинг спорт түрінен жалпыкомандалық І-орын, бүкіл спорт түрлері бойынша жалпыкомандалық Ү-орын; 2021 ж өткен ХІ-жазғы Универсиадада Армрестлингтен І-орын (ұлдар/қыздар), Пауэрлифтингтен ұлдар ІІ-орын, қыздар ІІІ-орын; спорт түрлерінен әртүрлі деңгейлі жарыстар), әділ төреші болғаны үшін грамоталармен және дипломдармен марапатталған.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|