Главная
Новости
24.10.2023 Ұлттық музыкалық аспаптар көрмесі
2023 жылғы 25 қазанда Абай университетінде Республика күніне орай Ұлттық тәрбие орталығы Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайымен бірлесіп ұлттық аспаптар көрмесін өткізді.
Көрме ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы Самат Мәлімбай жетекшілік ететін Өнер, мәдениет және спорт институтындағы Абай оркестрінің орындауымен Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен басталды. Көрмеге аталған мұражайдың эспонаттарымен бірге университетіміздің мұражайында сақталған ұлттық аспаптар қойылды. Шараға Ардагерлер ұйымының төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов қатысып, ұлттық мұрамызды дәріптеу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін атап өтті. Ұлттық мереке қарсаңында өтіп жатқан бұл шараның маңызды екенін айта келіп, Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады. Аталған мұражайдың қызметкері Әдемі Ерікқызы қордағы сақталған аспаптардың тарихы туралы сөз өрбітті. Көрме барысында «Дизайн» кафедрасының «Visage» модельдік клубының қыздары «Таңбалы тас» және «Батыр қыз» ұлттық киім коллекцияларын көрсетті. Көрмедегі тарихы терең аспаптармен танысып, көркем күймен құлақ құрышын қандырған көрермен алғыстарын айтып тарқасты.
|