Главная
Новости
24.10.2023 Республика күніне арналған тәлімдік іс-шара
2023 жылдың 23 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары А.А.Қуанышева, Ә.Сайлаубекқызы, Уәлихан Жандос Республика күніне арналған «Республика күні - ұрпаққа аманат» тақырыбында іс-шара өткізді.
Аталған шараға «Тарих-география», «Саясаттану», «Мәдениеттану» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің Қазақстан Республикасының егемендігі мен мемлекеттілігінің қалыптасу жолы туралы білімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық, тарихи әділеттілік сезімін тәрбиелеу. Сондай-ақ іс-шара барысында студенттер арасында берілген тақырып бойынша интеллектуалды пікірталастар жүргізілді.
|