Главная /
Объявления
17.08.2020 Бакалавриатқа түсуші түлектер назарына!!!
Құрметті болашақ Абай университетінің студенттері! Мемлекеттік грант және ақылы бөлімге құжаттарды қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін келіп тапсыру қажет.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ақылы оқуға ниет білдіргендер ҰБТ нәтижесі бойынша - кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша-кемінде 70 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқу тілі бойынша - кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен - кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- Берілген үлгідегіөтініш; (қабылдау комиссиясында толтырылады) - Жеке куәлік көшірмесі - 2 дана; - Аттестат немесе диплом (түпнұсқа); - 063 профилактикалық егу картасы (көшірме); - медициналық анықтама 086-У форма (флюорография суретімен) - 3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет; - ҰБТ нәтижесі; (қаңтар айында ҰБТ жазған жағдайда) - Әскери тіркеу туралы куәлік(ер балалар үшін) - шет тілінде жазылған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға, нотариуспен куәландырылуға тиіс - шетел азаматтарының құжаттары Ұлттық аккредитациялық орталықта (нострификациядан өтуі тиіс).
Ескертпе: медициналық анықтама 086-У форма (флюорография суретімен) кейінірек тапсырылса болады. |