қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.09.2023

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын талқылау

 

  alt=  

 

2023 жылғы 13 қыркүйекте Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтті. Іс-шара «Абай» бастауыш партиясының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Іс-шараға университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш.Н. Нұрланов, зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.Ә. Бөрібаев, Медеу аудандық «Аманат» партиясының Саяси кеңес мүшесі, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Д. Ділдәбек, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.А. Әлмұхамбетов, Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Қ. Симтиков, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Р. Қасен, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г.П. Шаһарман және студенттер қатысты.

 

Іс-шара барысында қатысушылар өз бағыты бойынша Жолдауда баяндалған ҚР Президентінің тапсырмаларын талқылап, жоғары оқу орны ретінде біздің университет жоғары білікті және сапалы мамандар даярлаумен айналыса отырып, ел экономикасына өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, талқылауға қатысып отырған студенттерге «Әділетті қоғам. Әділетті адам» қалыптастыру жастардың қолында екенін де тілге тиек етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=