қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.07.2023

«ХХІ ғасырдағы білім» семинары

 

2023 жылғы 11-15 шілде аралығында Чолпон - Ата қаласында (Қырғызстан Республикасы) халықаралық тәжірибеге бағытталған онлайн және офлайн форматта «ХХІ ғасырдағы білім» семинары өтті. Семинардың мақсаты орта, жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандарды кәсіби даярлау тәжірибесімен алмасу және жаңа технологиялармен танысу болды.

 

Семинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамынан профессор Кыякбаева У.К., доцент Уайсова Г.И., доцент Аитбаева А.К., философия докторы (PhD) Алимбекова А.А., сонымен қатар Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, ОШ мемлекеттік университеті (Ош қ., Қырғызстан), Иркутск мемлекеттік университеті (Иркутск қ., Ресей), Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Гродно қ., Беларусь) профессор-оқытушылар құрамы және К. И. Скрябин атындағы Ұлттық аграрлық университетіне қарасты Агротехникалық колледжінің (Қырғызстан Республикасы) оқытушылары қатысты.

 

Семинар барысында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының Педагогтің халықаралық кәсіби даму институтының директоры, біліктілікті арттыру және қайта даярлау жүйесінің педагогы Ольга Коломиец «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту инновациялық білім беру кәсіптік бағдарланған технологиялар негізінде жоғары сапалы жоспарланған білім беру нәтижелерін игеру бойынша білім алушының оқу дербестігін қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Семинарда педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту білім алушының оқу-зерттеу және оқу-практикалық қызметін дұрыс (қатесіз) орындауын қамтамасыз ететін ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған технологияларды көрсетті. Қатысушы профессор-оқытушылар құрамы пракикалық тапсырмалар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=