Главная /
СМИ о нас
06.07.2023 Білім және ғылым саласындағы маңызды қадам
Қазақстан мен Қытай университеттері білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. 2023 жылғы 5 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов Сиань Цзяо Тун университетінің делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін, соның ішінде студенттер мен оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және академиялық бағдарламаларды дамыту мәселелерін талқылады.
Постдокторантура саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Достық атмосферада және нәтижелі өткен бұл маңызды іс-шарада жоғары оқу орындарының білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, екі ел арасындағы байланысты дамытуға ықпалын тигізетінін атап өтті.
06.07.2023 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz |