қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.06.2023

Жобаның зерттеу тобы Кембридж университетінің кітапханасында

 

2023 жылғы 19 маусымда АР14872311 АР 14872311 «Action Research сынды зерттеудің бейформалды нысандарын тәжірибеге интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» жобасының зерттеу тобы Кембридж университетінің профессоры Элейн Уилсон ұйымдастырған Scopus & Web of Science журналдарында ғылыми мақалалар дайындау бойынша воркшоп оқыту семинарына қатысты. Семинарда қатысушыларды жарияланымдарға қойылатын негізгі талаптар, мақалаларды редакциялау және рецензиялау, тиісті саласы бойынша журналдарды таңдау, библиографиялық деректерді ресімдеу процестерімен таныстырды.

 

Профессор Элейн Уилсонның оқыту семинары Кембридж университетінің кітапханасында жалғасты. Онда зерттеу тобы үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы Кембридж университетінде 114 кітапхана бар, олардың ішіндегі ең үлкені Университет кітапханасы, сонымен қатар ол университет ішінде "the ul"деп аталады.

 

Психологиялық-педагогикалық ғылымдар бойынша әдебиеттер ерекше назар аударуға тұрарлық. Жоба қатысушылары үшін Action Research, зерттеудің бейформалды нысандары бойынша көптеген деректермен танысуға үлкен мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, команда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Action Research зертханасына профессор сыйға тартқан кітаптарды үлкен алғыспен қабылдады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=