Главная
Новости
23.05.2023 Абай университетінде жаңа монографияның тұсауы кесілді
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының профессорлары, заң ғылымдарының докторы Ермек Бөрібаев пен заң ғылымдарының докторы, профессор Жанна Хамзинаның біріккен авторлығымен «Судебная форма защиты социально-трудовых прав человека в Казахстане» монографиясы жарық көріп, киелі қарашаңырақта тұсау кесер шарасы аталып өтті. Монографияның құндылығы сол, әр бір азаматтың әлеуметтік-еңбек құқықтарының қорғалуын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттар легі жинақталған. Аталған монография РҒДИ және Google sсholar жүйелерінде индексацияланады. Туындының әр қазақстандықтың үстел анықтамасына айналары сөзсіз!
Авторларды үлкен жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
|