Главная
Новости
04.05.2023 Бірлігі жарасқан Speaking club
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, жыл сайын Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын атап өтеді. Бүгінде әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіп, халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырады. Сол орталықтардың ішінде Speaking club жобасы да бар. Бірлік күніне байланысты Speaking club жобасында алғашқы біріккен үш тілді кездесу өтті. Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов 1 мамыр -халықтың достығы мен ауызбіршілігін бейнелейтін мереке екенін атап өтіп, студенттерді мерекемен құттықтады. «Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін «Бәсекелестік қабілет», «Үш тілде білім беру», «Шет тілдерін білу» сияқты факторларға ерекше көңіл бөліну керек. ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу - бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр», деп кездесуге келген барша студенттерге шабытты нұсқау жолдап, сөз сөйледі.
Кездесу барысында әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов студенттерді бірлік күнімен құттықтап, қазіргі ғасырда бірнеше тіл білгеннен бөлек жаңа технологиялардың да тілін білу қажет екендігін атап өтті.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті |