қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.04.2023

«Өзін-өзі бағалауды арттыру» психологиялық тренингі


2023 жылғы 18 сәуірде «Психологиялық қызмет» секторының психологтары Тарих және құқық институтында «Өзін-өзі бағалауды арттыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингке Тарих және құқық институтының студенттері қатысты. Мақсаты - студенттердің өзін-өзі бағалауын арттыру, өзін-өзі тануға көмектесу және өзін барлық жағдайда қабылдауды қалыптастыру.

 

Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жаңғырық» танысу жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімнің алдында қысымнан босаңсу және жағымсыз көңіл-күйден арылуға бағытталған «Сілкін» жаттығуы өткізілді. Негізгі бөлімде «Кімде бар... » және «Мен өзімді жақсы көремін, тіпті...» жаттығулары бақылауды дамытуға және өздерінің кемшіліктерін оң қабылдауға бағытталған. Қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында «Шам» жаттығуы жүргізіліп, студенттердің жағымды әсер алып, өздерінің бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен тұлғалық дарындарын анықтай алғандығына куә болдық.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» секторы