Главная /
СМИ о нас
11.04.2023 Алматыда айтысқа келген Жүрсін Ерманға көрермен ерекше қошемет көрсетті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Менің пірім - Сүйінбай» атты айтыс өтті. Оқу орны мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастырған, жас ақындар қатсықан VII халықаралық айтысқа ASSYLTAS қоғамдық қоры қаржылай қолдау білдірді.
Университеттің 95 жылдығына арналған жыр бәйгесінде Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 40-қа жуық ақын бақ сынады.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, Мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Серік Қалиев, айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Заитов, айтыскер ақын, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы Әнуар Омар, айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбековтер айтысқа төрелік етті.
Айтыс Алатау дәстүрлі өнер театрында жалғасты. Университет ректоры Дархан Біләловтің өнерпаздарды құттықтады. Сахнаға шыққан ақындарға Жүрсін Ерман бата берді.
Министр Саясат Нұрбек: «...Халқымыздың сан ғасырдан келе жатқан қасиетті айтыс өнеріне деген құрметті айрықша. Бұл - кешегі Сүйінбай мен Жамбыл, Біржан мен Сара, Кемпірбай мен Шөже бабаларымыздан қалған асыл өнер. Ұлттық болмысымызды, қазақи құндылығымызды дәріптейтін айтыс өнері тәуелсіз ұрпақтық ұлттық қазынасы деп білемін. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «айтыс өнерінің алтын діңгегіне» балаған Сүйінбай бабамыз атындағы жыр додасының дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы, жастардың бойындағы ақындық дарынды дамытып, сурырыпсалма қабілетін шыңдауға, ақындық мектептің қалыптасуына негіз болатын, қазақ руханиятына қосылатын үлкен мұра болары сөзсіз...», - деп жыр додасына қатысқан ақындарға шалқар шабыт тіледі.
11.04.2023 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |