қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.04.2023

«Ғылыми жобаларды бюджеттеудің негізгі қағидаттары» семинары өткізілді


2023 жылдың 10 сәуірде Ғылым онкүндігі-2023 аясында «Top-time: Ғылым аясындағы 100 сұрақ» айдарымен «Ғылыми жобаларды бюджеттеудің негізгі қағидаттары» атты семинар өтті. Семинарды әкімшілік және қаржылық қызмет жөніндегі проректор Клара Исакова жүргізді, семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, постдокторанттар қатысты. Баяндама тақырыбы ғалымдар үшін, әсіресе жас зерттеушілер үшін өзекті белгілі бір жобаны іске асыруға арналған шығындарды жоспарлау мәселесіне арналды.


Клара Исакова ақпараттарды өте қызықты әрі толық түсіндіріп, тыңдаушылардың назарын жобаларды бюджеттеудің ең маңызды сәттеріне аударды.


Тақырып аудиторияның қызығушылығын тудырып, семинар соңында Клара Исакова сұрақтарға жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=