қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2023

Мектеппен жұмыс: Абайдың «Толық адам» концепциясы тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

2023 жылғы 6 сәуірде Алматы қаласының №173 лицейінде «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» тақырыбындағы апталық барысында Абай мұрасы және «Толық адам» концепциясымен кеңінен таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым декадасы-2023» аясында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының бір топ профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы барысында аға оқытушы Аманжол Мейрманов «Абайдың «Толық адам» іліміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қарастырылған тақырып мұғалімдер мен мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырды. Көптеген мәселелер талқыланды және егжей-тегжейлі айтылды.

 

Бұған дейін №173 лицей мен Тарих және құқық институты арасында білім беру және ғылыми жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум аясында ғылыми және педагогикалық жұмыстағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жастарды мұғалім мамандығына бейімдеу мақсатында мектеп оқушыларына институт мамандықтары туралы ақпарат берілді.

 

  alt=