қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.04.2023

Тілдік пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар 

 

Филология институты шетел тілдері кафедрасы 2021 жылдан бастап Қызылорда облысы Арал ауданының шағын комплектілі 2 негізгі мектептерімен екіжақты келісім шартқа отырып, әрдайым назарда ұстап, өзара байланыс орнатып келеді. Осы мақсатта кафедраның қауымдастырылған профессоры м.а., ф.ғ.к. Г.Р. Нурекешованың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 4 сәуірінде шағын комплектілі мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өткізді.

 

Іс-шара «Тілдік пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар» тақырыбында онлайн өтті. Әдістемелік семинарға спикер ретінде «Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы бойынша Хабаршы журналының жауапты хатшысы С.Есенаман журналға мақала жариялау тәртібі туралы және А.Байтурсынов аттындағы Тіл білімі институтының қызметкері А.Махамбетова қатысып, «Тіл біліміндегі жаңа бағыттар: корпустық лингвистика және тілдің ұлттық корпусы» тақырыбында баяндамалар жасады.

 

  alt=  

 

  alt=