Главная /
СМИ о нас
27.03.2023 Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық аспектілері талқыланды
2023 жылғы 20 наурызда Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «Суицидальды мінез-құлықтың психологиялық аспектілері» халықаралық ғылыми онлайн-семинар өткізілді.
Бұл онлайн-семинардың мақсаты суицид белгілерін анықтау және суицидальды мінез-құлықтың алдын алу бойынша заманауи әдістерді, оларды түзетудің психологиялық жолдарын талқылау болып табылады. Онлайн-семинардың модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Ниетбаева болды.
Онлайн-семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты директорының орынбасары Марфуга Абсатова кіріспе сөзбен ашты. Онлайн-семинар жұмысына М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің психолог-жаттықтырушысы Варвара Негрий (Ресей); Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының психология ғылымдарының кандидаты Дилором Салиева (Өзбекстан), аккредиттелген арнайы психотерапевт, психотерапия жөніндегі халықаралық ғылыми кеңестің мүшесі Наталья Клюкина сияқты суицидальды мінез-құлық психологиясы саласындағы шетелдік мамандар белсенді қатысты.
Сондай-ақ, суицидальды мінез-құлық проблемасын және оларды түзету жолдарын талқылауда белгілі қазақстандық ғалымдар қатысты, атап айтқанда, «Қайнар» Академиясының проректоры, «Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ президенті Мұхан Перленбетов; Абай атындағы ҚазҰПУ профессорының м.а. Алма Ақажанова; Каспий университетінің қауымдастырылған профессоры Зәуре Қарақұлова; Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Нұргүл Бегалиева; жалпы және қолданбалы психология кафедрасының магистранты Жансая Мырзаева сөз сөйледі.
Онлайн-семинар өте қызықты және нәтижелі болды, онлайн-семинар бағдарламасында ғалымдардың баяндамалары талқыланып, семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, сындарлы ұсыныстар жасалды.
|