Главная
Новости
15.03.2023 «Жеке тұлғалық даму» тренингі өткізілді
2023 жылдың 14 наурызында Abai Student Center орталығында «Психологиялық қызмет» секторының психологтарының ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке университеттің Жастар ісі жөніндегі басқарма қызметкерлері мен белсенді студенттері қатысты.
Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жаңғырық» танысу жаттығуымен басталып, негізгі бөлімде көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және мақсаттарын нақты анықтауға бағытталған «Мақсат жолындағы он қадам» және «Соқыр суретші» ойындары жүргізілді. Тренинг барысында жетістікке жеткен қатысушыларды арнайы сыйлармен ынталандыру жұмыстары да жүргізілді. Қатысушылардан кері байланыс алу үшін «Шам» жаттығуы жүргізіліп, студенттердің жағымды әсер алып, өздерінің бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен тұлғалық дарындарын анықтай алғандығына куә болдық.
Сонымен қатар, тренинг соңында студенттерге психикалық жай-күйін қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізетін арнайы ұсыныстары бар флаерлер таратылды.
|