қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
06.03.2023

Воркшоп (workshop) «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім

 

2023 жылғы 3 наурызда Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы «Менің ұлттық тәрбиеге қосқан үлесім» воркшоп кезекті тәрбие іс-шарасы мен «Ұлттық тәрбие» пәні аясында доцент Ж.М.Акпарованың ұйымдастыруымен «Құрманғазы күйлерінің құдыреті» музыкалық әдеби-театрландырған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Филология институты «Шет тілі: екі шет тілі» және «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Негізгі мақсат - студенттерге ұлттық музыканың құдіретін жеткізу, олардың бойында отансүйгіштік сезімін ояту, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге, халық мәдениетінің озық дәстүрлеріне қызығушылықтарын арттыру.


Іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының өкілдері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н.Жанбеков, педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Іс-шарада студенттер ғасырлар бойы қазақ халқының қалыптасқан мәдениетінің асыл мұрасы - күй өнерімен қауышып қана қоймай, күй атасы Құрманғазы Сағырбаев шығармаларының шығу тарихтарын әдеби, музыкалық және театр өнер түрлері арқылы көрермендерге ұсынды. Өздерінің бойына Құрманғазы күйлері арқылы берілген рух, жігер, патриотизм, елі мен жеріне деген сүйіспеншілік, ар-намыс, қайсарлық пен ерлікті дарытты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=