қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
03.03.2023

KazDual жобасы бойынша тренингтер

 

2023 жылдың 2-3 наурызында Erasmus+ бағдарламасы бойынша KazDual - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы (жоба нөмірі: ЕО 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP, іске асыру мерзімі: 15.01.2021-14.01.2024) Abai University тобының мүшелері Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі IQAA (Астана қ.) ұйымдастырған дуальды білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық жөніндегі тренингке қатысты. Асель Акпаева - Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының доценті және постдокторант Самал Серикова Университеттің жұмыс тобы атынан есептерімен таныстырды.

 

Тренингке қатысушыларды IQAA Президенті, профессор Шолпан Қаланова құттықтау сөз сөйлеп, агенттік қызметімен таныстырды. Одан әрі KazDual жобасының қатысушылары өз бағдарламалары бойынша өз есептерін ұсынды:

- Абай университетінің «6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» ББ;
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «6В07150 - Электр энергетикасы» ББ;
- А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «»6В07103 - Жылу энергетикасы ББ;
- Шәкәрім университетінің «6В07103 - Жылу энергетикасы» ББ;
- Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «07130300 - Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» ББ;
- Семей Электротехникалық колледжінің «0902000 - Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» ББ.

Асель Акпаева «6В01303 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бастауыш білім беру» ББ өзін-өзі бағалау туралы есебін ұсынған кезде Абай университеті және пилоттық білім беру бағдарламасына толық сипаттама жасап, дуальды серіктес - NGS жаңа буын мектебі туралы ақпарат берді. Абай атындағы ҚазҰПУ және бастауыш білім беру кафедрасының қызметіне дуалды оқытудың білім беру бағдарламаларын пилоттау шеңберінде SWOT-талдау жасалды.


Жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлімінің бастығы Қарлығаш Джигитчеева аккредиттеуге қатысушылардың өзіндік есебін дайындау және сұхбат жүргізу бойынша ұсыныстарын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=