қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Қабатай Бидана Тұрсынханқызы

Қабатай Бидана Тұрсынханқызы

 

Қысқаша автобиография

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің  филология және көптілді білім беру институты Серік Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет жасайды.

 

Қабатай Бидана Тұрсынханқызы 1964 жылы 06 мамырда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі-Қабатаев Тұрсынхан және анасы Ахметова Гүлжан -Ақтоғай ауданының тумалары, саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған ардагер ұстаздар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 35 жыл қызмет жасайды. 1998 жылдан бастап  Республика мектептерінде оқытылатын «Әдебиеттік оқу» пәнінің жетекші авторы.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты Бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы, ұлт мектебі орыс тілі мен әдебиеті қосымша мамандығы.

 Бастауыш сынып  мұғалімі. Ұлт мектебі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі                                    

1988

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті  жылы. 050117-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы.

 Қазақ тілі мен әдебиеті біліктілігі

2009

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі(бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)

 2005 жылғы 15 қараша №13 хаттама шешімімен ҒК№0000721

 

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

Доцент

21 мамыр 2009жыл №5 хаттама шешімімен ДЦ№0001050

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Балалар әдебиеті және оны оқыту әдістемесі

Магистратурада: Сөз өнерін меңгерту әдістемесі, Тіл мен әдебиетті аксеологиялық бағытта оқыту


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Қабатай Б.Т. жалпы білім беретін мектеп үшін жазылған 20 оқулықтың, 25 оқу құралының, 5 электронды оқу құралының, ЖОО-ға арналған 5 оқу құралы мен 200-ге тарта ғылыми мақалалардың авторы. Басты ғылыми еңбектері:

1.Scopus-та жарық көрген мақалалары:1). Integrative Competence Approach in Teaching Foreign Languages. В Scopus Австралия: Astra Salvensis - review of history and culture, year VI, Supplement no. 1, 2018 Review edited by ASTRA Nãsãud Department, Salva Circle and ,,Vasile Moga" Department from Sebeş, 353-367 с.с.

2. The scientific educationai and national ethnographic nature of the writers works. В Scopus : Opcion, Ano 35, 2019, Especial 23:, 1075-1091 стр.ISSN 1012-1587|ISSNe:2477-9385

3.Болашақ филолог мамандарды "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша жаңа талаптарға дайындау мәселесі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi «Хабаршы» журналы, «Филология ғылымдары» сериясы, №1(71), 2020, 493-497 б.б. ISBN 1728-7804

4. Қазақ әдебиеті сабақтарында проблемалық жағдаяттар тудыру және шешу мәселесі. «Филологиядағы фундаменталь зерттеулер және оқытудың инновациялық мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн және офлайн конференцияның МАТЕРИАЛДАРЫ. Нөкіс: НМПИ баспасы, 2022. 38-41бет.

5. Қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығармаларды талдау жолдары. Актуальные проблемы современной филологии, востоковедения и журналистики сборник материалов региональной научно-практической конференции (с международным участием) студентов, магистрантов, аспирантов и молодых ученых (г. Уфа, 27 апреля 2022 г.)153-164

ISBN 978-5-7477-5470-6


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Б.Т.Қабатай - 1998 жылдан бастап жаңа буын «Ана тілі» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін жасауға қатысқан әдіскер-ғалым, 12 жылдық мектепке арналған «Әдебиеттік оқу» пәні кешенінің авторы. 2016 жылдан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша екінші және үшінші сыныптарға арнап жасаған Б.Т. Қабатайдың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығы мен оқу-әдістемелік кешені республикалық байқауда базалық оқулық ретінде танылып, бүгінгі таңда республика мектептептерінде оқытылуда.. Ол 11 және 12 жылдық мектептің 2 - 4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасын жасауға, 050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы үшін» «Балалар әдебиетінен», 6D011700 - «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша білім докторларын дайындауға арналған «Жоғары мектепте қазақ тілі/қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары» пәнінен, «Қазақ тілін/әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері» курсынан 6D012100-«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламаларын дайындауға қатысқан.

 

МАРАПАТТАРЫ

1. Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетіне 90 жыл мерекелік төсбелгісі, Алматы,2018ж;

2. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Құрметті ғылыми қызметкер» төсбелгісі.2021ж;

3.«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықта өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін ҚР БжҒМ алғыс хаты. 2017ж., 2018.,2019;

4.Университет ректорының алғыс хаттары;

5.Филология институтының мақтау қағаздары;

6.Алматы қаласы мектептерінде педагогикалық іс-тәжірибені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс хаттар.

 

 

 

 


← Вернуться назад