қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
10.09.2011

Ата заңымыз еліміздің тұрақты дамуы, бейбітшілік пен ынтымақтастығының тірегі саналады. Конституция бойынша еліміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені анық. Конституция аясында тәуелсіз Қазақ елі табыстарға толы жылдарды бастан өткізді.
Алматы қаласы әкімдігінің 2011жылғы 22 маусымында №2/398 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 2011 ж. 26 тамыз күні «Ата Заң - еліміздің тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы Медеу ауданы әкімшілігінің және «Нұр Отан» республикалық Халықтық Демократиялық партиясының өкілдері, «Жас отан» жастар қанаты, университеттердің жастар комитетінің лидерлері, сонымен қатар Конституция күнінің қоғамдық санадағы маңыздылығына ғылыми тұрғыдан саяси талдау жасайтын ғалымдар қатысты. Мақсаты - Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет құрудағы жетістіктерін насихаттау; негізгі Заңға мемлекеттің қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарының қайнар көзі ретінде жастардың назарын аудару, қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасау.