қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
13.02.2023

«Стресс-менеджмент ҰБТ-ны сәтті тапсыру негізі ретінде» семинар-тренингі

 

2023 жылдың 23 қаңтар мен 13 ақпан аралығында мектептермен байланыс орнату және ғылым мен тәжірибені дамыту мақсатында әлеуметтік педагогтарды даярлауда Психология және педагогика институты «Мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессордың м.а. Айгүл Ахметова «Стресс-менеджмент ҰБТ-ны сәтті тапсыру негізі ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг №35 мектеп-гимназиясының 11 «А», «В», «С», «Д», «Е» сыныптарының оқушыларына және сынып жетекшілеріне арналды. Бұл мектеп «ОП 6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын бейемдеу және жүзеге асыру бойынша базалық мектеп және стейкхолдеры болып табылады. Біз әзірлеген білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны «Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіндегі стрессменеджмент», «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері» пәндерін оқытуды қарастырады. Осы пәндердің ОӘК бейімдеу шеңберінде ол оқушылар арасында стресс пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын тәжірибелік сынақтан өткізді. Семинар-тренингке №35 мектеп-гимназиясының директоры, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=