қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.02.2023

Ұжымдық келісім-шартқа қол қойылды

 

Жоғары оқу орны қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мұхтар Ибраимов және Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы- ректор Дархан Біләлов екіжақты ұжымдық келісім-шартқа қол қойылды.


Мақсаты - университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қолдауды одан әрі жалғастыру. Келсім-шарт 2023-2026 жылдарға, яғни үш жыл мерзімінде өз күшінде болады. Ұжымдық шарт Еңбек кодексін іске асыруға, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін шартты негізде реттеуге бағытталған.


Қызметкерлер кәсіп одағы ұжымы талай жылдан бері университетімізде ұйымдастырылатын көптеген мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстарға, оқу орнында ұзақ жыл қызмет атқарған тұлғалардың айтулы мерейтойларына және профессор-оқытушылар құрамының бір реттік демалысына қаржылай көмек көрсету жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Келісімге сәйкес алдағы үш жылда университет ұжымына кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан игі шаралар жалғасын тауып қана қоймай, ауқымы кеңейетін болады.

 

  alt=