қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.01.2023

Профессор С.Д. Әбішеваның Джордж Вашингтон университетіне (АҚШ) ғылыми сапары

 

2023 жылдың 15-23 қаңтары аралығында Филология институт орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) ғылыми іссапарда болды. Іссапар Джордж Вашингтон университеті (АҚШ) ұйымдастырған «Dungans in Central Asia: History, Culture and Pedagogy» ғылыми конференциясына қатысу үшін жіберілген шақыру хаты бойынша жүзеге асты. Конференцияның модераторы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, PhD докторы Дина Сабирова болды.

 

Іссапар барысында профессор С.Д.Абишева келесі іс-шараларға қатысты:

 

- Абай орталығының АҚШ-тағы филиалының жұмысымен танысу;
- Джордж Вашингтон университетінде жұмыс істейтін қазақстандық ғылым өкілдерімен кездесу;
- мұрағат деректерімен танысу мүмкіндігі ұсынылған Конгресс кітапханасына бару, кіруге рұқсат қағазын алып, үш тілдегі «М.Мақатаевтың поэтикалық әлемі» монографиясының таныстырылымы мен бір данасын кітапханаға сыйға тарту;
- конференцияда «Қазақстанның көпұлтты әдебиеті» тақырыбында баяндама жасау;
- Элиот мектебінің профессорларымен кездесу;
- Джордж Вашингтон университетінде өткен «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының жобалық жұмыстарының қорғауына қатысу, онда біздің әріптесіміз PhD докторы Дина Сабирова жобасын сәтті қорғады;


Кездесулер нәтижесінде Джордж Вашингтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институты (Еуропалық, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институты) мен Абай атындағы ҚазҰПУ университеті арасындағы келісімшарт; профессор Питер Роллбергпен ынтымақтастық туралы келісім: докторанттарға жетекшілік ету, дәріс оқу үшін шақыртылған профессор, «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы» ғылыми журналының «Филология ғылымдары» сериясының редакция алқасына қатысу, бірлескен жобалар орындау және т.б. келісімдер жасалды.

Қол жеткізілген келісімдер университетіміздің дамуына, халықаралық байланысының нығаюына оң әсерін тигізері сөзсіз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=